Бәсекелестікті қорғау агенттігі ерікті түрде өкініш білдірген жағдайда монополияға қарсы заңды бұзушылардың жазасын жұмсартуды ұсынады

"Әрине, ерікті түрде өкініш білдірген жағдайда жалпы заң нормасы бойынша жазалауды айтарлықтай жұмсарту көзделіп отыр", - деп толықтырды ол.

Өз кезегінде Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Борис Парсегов бұл ұсынысты тілшілерге түсіндіре тұрып, "біреулер мұны "сөз тасу" ретінде қабылдайды, алайда, бұл сөз тасу емес, одан қарағанда ол нарық субъектілерінің бірі әріптестерінің қиянатшыл әрекеттерін қабылдамауына жақын" екенін атап өтті.

"Бір жағынан алып қарағанда осыған ұқсас норма қылмыстық заңнамада бар. Ол кезде қылмысқа қатысушылардың бірі өзінің жазасын жеңілдету мақсатында тергеушілермен ынтымақтаса бастайды", - деп еске салды төраға орынбасары.

Б. Парсегов Агенттік пен өз еркімен өкініш білдірген монополияға қарсы заңды бұзушы арасындағы өзара іс-қимыл мынада екенін атап көрсетті: "баға келісімінің қатысушысы тұтынушылардың барлық шығынын өтейді, осы келісімге қатысқандардың барлығын да көрсетіп береді және қалған қатысушыларды жазалауға көмектесетін құжаттарды агенттікке береді". "Тиісті акт жасалады. Ол сотқа беріледі. Сот оны ескеріп, өкініш білдірушіге жазасын жеңілдетеді", - деді агенттік өкілі.

"Жоқ дегенде монополиялық табысты тәркілеу оған қатысты болмайды. Әрине, біз оны айыппұлдардан босатпаймыз. Айыппұл мөлшері де айтарлықтай - 4 млн теңгеге дейін. Алайда, монополиялық табыстарды тәркілеу дегеніміз миллиардтаған соманы алу. Бұл іс жүзінде кәсіпорынды банкротқа ұшыратады", - деп атап көрсетті Б. Парсегов.

Сонымен бірге, төраға орынбасары монополиялық табысты тәркілеудің аса ауыр шара екенін мойындайтынын айтты. "Сондықтан, біз мұндай шараның қазіргі заңда бар екеніне қарамастан инвесторлар мен іскер адамдадың пікірін ескере отырып жаңа заң жобасында батыс тәжірибесімен сәйкестендірдік. Яғни, заңды алғаш рет бұзған жағдайда тек айыппұл салынады. Тек ол қайталанатын болса ғана монополиялық табыс тәркіленеді", - деді агенттік төрағасының орынбасары.

"Қазір жұмыс тобы екі ұсынысты қарап жатыр. Біріншісі - жай ғана монополиялық табысты алу, екіншісі - АҚШ-тағыдай екі еселенген монополиялық табысты тәркілеу", - деп сөзін түйді ол.