Бәсекелестікті қорғау комитеті үстіміздегі жылдың қазанында Бәсекелестікті қорғау агенттігі болып өзгертілуге тиіс - БҚК төрағасы

"Бәсекелестікті қорғау агенттігін құру туралы үкімет қаулысына қол қойылып қойған, регламенттеу жөніндегі аталмыш қаулыға елбасы қол қоюға тиіс, содан кейін Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылды деп санауға болады",- деді Ә. Матишев.

"Мен, үстіміздегі жылдың қазан айында мұндай агенттік болады, деп айта аламын, яғни комитет жойылып, оның орнына агенттік құрылады",- деп нақтылады ол.

Ә. Матишевтың пайымдауынша, мұндай өзгерту нәтижесінде монополияға қарсы құрылымда "мәселелерді шешуде дербестік пен жеделділік пайда болады, себебі жаңа агенттіктің функцияларының бірі мемлекеттік органдардың іс-қызметін бақылау және мемлекеттік органдардың шешімінің күшін жою болып табылады".

Бұрын хабарлағанымыздай, 26 қыркүйекте, Әлиакпар Матишев журналистерге берген сұхбатында осы күні Қазақстан Республикасының премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанда бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік құру туралы қаулыға қол қоятындығы туралы айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті