Бәсекелестікті қорғау комитетінің Жамбыл облыстық басқармасы Sulpak компаниясының өкілдігімен соттасу мүмкін екендігін жоққа шығармайды

"Sulpak фирмасы бүкіл Қазақстан бойынша жеңілдіктер жүйесін жарнамалай отырып, бір тауарды сатып алған тұтынушы екіншісін тегін алатындығын жариялаған болатын. Біз олардың дүкендерін тексере келе, уәде етілген тауардың оларда жоқ екендігіне көз жеткіздік. Ал барлық тауар түрлеріне баға сол қалпында қалған", - деді Таймас Сағынтаев.

Оның айтуынша, аймақтық басқарма қызметкерлері осыған сәйкес заңсыздықтарды жою және 327 мың теңге көлемінде айыппұл салу жөнінде шешім шығарған. "Алайда компания өз кінәсін мойындамай отыр. Егер ЖШС айыппұлды төлемейтін болса, біз оларды сотқа беруге мәжбүр боламыз", - деді Т. Сағынтаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті