Кеше, тамыздың 19-да өткен кездесудің бірінші кезеңінде-ақ Дэлман және Боченски екі шайба айырмашылықпен «Барыс» командасын алға шығарған болатын. Дегенмен словакиялықтар ойынның ортасына қарай Ковайчук пен Хуйса есепті теңестіріп кетті.
Кездесудің 57-ші минутында Старченко астаналықтарды тағы алға шығарды. Бірақ екі минуттан кейін сол баяғы Хуйса гол салды. Ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды.
Буллиттер сериясы барысында словакиялықтардың жолы болды. «Слован» командасының хоккейшісі Вайц мүлт кетпей, өз клубының пайдасына жеңіс сыйлады. Ойындағы ресми есеп - 3:4.
Тек буллиттер сериясы арқылы жеңілген «Барыс» командасы турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Ол 4 ұпаймен А тобындағы бірінші орынды иеленіп отыр. Екінші орында «Слован» (2 ұпаймен), ал соңғы үшінші орынды «Базель Шаркс» (ұпайсыз) қорытындылап тұр.
Еске сала кетейік, бұның алдында өздерінің алғашқы ойындарында «Барыс» хоккейшілері турнир иелері «Базель Шаркс» командасын 8:1 есебімен ұтқан болатын.