Мұндай ауқымды ауыстырудың себебі әзірге айтыла қоймады. Тек белгілісі – жаңа үкімет құрамын бұрынғы Энергетика министрі Имад Хамис басқаратын болады. Қазіргі уақытта оған жаңа министрлер кабинетін жасақтау тапсырылып отыр.
Айта кетейік, Сирия үкіметінің бұрынғы басшысы Ваиль әл-Халькидің қызметінен босатылғаны оның Cирия және Ресей билігінің Алеппоға бірлескен шабуыл бастайтыны жайлы мәлімдемесінен кейін жарияланған. Ал, бірлескен шабуыл жайлы ақпараттың жалған екені кейінірек қайта хабарланған.