Сапар барысында Башқұртстан президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, Астана әкімі Өмірзақ Шүкеевпен кездеседі деп күтілуде.
М.Рахымов сондай-ақ Қазақстан-Башқұртстан бизнес-форумына қатысып, Астанадағы Башқұртстан өкілдігі кеңсесінің ашылу рәсіміне қатысады. Башқұртстан президенті сондай-ақ Қазақстандағы Ресей елшілігінде, "Астана бас жоспары" кәсіпорнында болып, Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Елордасының жаңа әкімшілік орталығын аралайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы жылдың шілде айында Қазақстан мемлекет басшысы Башқұртстанда ресми сапармен болды.