Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Азия ойындары аяқталды! Айтатын дүние көп. Оны қазір бір постқа сыйдыра алмаймын. Елге аман-есен жеткесін, бір емес, бірнеше подкаст жазылады. Иә, қорқыту-үркітулер болып жатыр. Өте жоғары жақтан. Бірақ, осының бәрін мен айтпасам, кім айтады?!
Бұл жерде жеке басымның мүддесінен көрі, бүкіл отандық спорттың мүддесі жоғары. Сондықтан, бір адым да артқа шегінбеймін. Одан кейін соттайсыңдар ма, өлтіресіңдер ме, мыңызды емес. Кезінді шындық үшін Махамбет атамның басын кескен. Бер жағында, яғни, өзім көзіммен көргенімді айтар болсам, Амангелді Сейітханды да біраз қудалып, біраз шеттетті. Ақыры өлтіріп тынды. Біз олардың қасында кімбіз?! Басқа түскенін көреміз. Ақиқат қымбат. Соның жолында құрбанбыз", - деп жазды ол.