«Алматы» мен «Астана» командаларының арасындағы бұл ойын 71:89 есебімен аяқталды. Онда Игорь Тихоненко жаттықтыратын алаң қожайындары 1:3 (18:24, 13:24, 19:27, 21:14) есебімен жеңіліс тапты. Бұған дейін сенбі күнгі алғашқы ойын да жалпы есепте 68:85 (16:24, 17:32, 20:20, 15:9) есебімен аяқталған болатын. Бұл сындарда алматылықтардың бас бапкері Василий Савченко (капитан), Максим Смирнов, Сергей Волк, Валерий Гандлин, Иван Гилевич, Александр Кузнецов, Әлімбек Оразов пен Бауыржан Нұрланұлына үміт артқан еді.