БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫН ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Адам баласы өзін қоршаған ортада өмір сүреді және сол ортамен жақын қарым қатынаста болады. Қоршаған ортада адам өзін бақытты сезінеді. Орта болмаса жеке тұлғаның адами құндылықтары болмас еді. Педогогикалық еңбек өтіліме 20жылдан аса да «Басқару психологиясы» пәнімен таныс болмаған едім. Осы жылы маған осы пәннің бар екені, яғни танысу бұйырды. Маған бұл пән ерекше ұнады. Пәннің мазмұнымен таныса отырып өмірі бойы сабылып іздеп жүрген сұрақтардың жауабын осы пәннен таптым. Пән несімен ұнады? Сөздің басында айтқандай қоршаған ортада өмір сүреміз, сол ортады жұмыс жасаймыз, күн көріс қамын жасаймыз т.б. Ілгері уақытта көңілме алмағанымнан ба, жоқ әлде сол ортада өмір сүргеннен үйреншікті нәрсе болып кеткен ба? Жалпы басшы мен қызметкерлердің арасында, қызметкерлер мен қызметкерлер арасындағықарым-қатынаста өте бір жоғары агреция қалыптасқан. Басшы өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланып өз қарамағындағы қызметкерлерге қалыпты жағдайдағы қарым-қатынасты жасамайды. Басыну, қорлау, сынықтан сылтау іздеу. Басшысы ұнамаған кейбір қызметкерлер арыздануға барады. Әріптестер арасындағы қарым-қатынас та өзіндік бір ашу -ыза мен кектесуге ұласқан. Бәсеке қабіліетті маман болуымыз керек деп керісінше бірін-бірі талауға дайын мамандандарды қалыптастырып жатқандаймыз.Ұйымның арасындағы осындай жағдай мені қаншама жылдар бойы толғандырып, ойландыратын. «Басқару психологиясы» пәнімен танысқаннан соң неге осы пәнді ұйымға, ұйым басшыларына таныстырмасқа. Осы пәннің негізінде семинарлар, коучингтер, тренингтер өткізіп адамдардың санасын оятып, жақсы қарым -қатынас құрудың жолдарын үйретсек қалыпты жағдайдағы қоғамда өмір сүрер едік. Көптеген адамдар өздерінің сезімдеріне (эмоция) ерік беріп қойған, басқара алмайды. Эмоцияға ерік берген соң адамның өзіндік ақыл мен санасы өзіне бағынбайды. Коучингтер мен тренингтер басшы мен қызметкерлер эмоцияға ерік бермеудің жолдары мен техникаларын игеруге мол мұмкіндік ашады. Мен танысқан Э.К. Қалымбетова, Л. О. Баймолдинаның «Басқару психологиясы» еңбектері, Л.Д. Столяренконың «Психология» еңбегі осындай жағдайларда оң шешім шығаратын тамаша құрал. Осы еңбектерді пайдалансақ ұйымдағы дау жанжалдарды, конфликтіні шешудің жолдары көптеген қызметкерлерге үлкен пайдасы тиер еді. Сондықтан «Басқару психологиясы» әр қызметкерлер үшін маңызы өте зор. Бұл пәннің практикасын әр ұжым, ұйым, әр басшы білу керек.

Жубаназарова Н.С.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУпсихология ғылымдарының кандидаты, профессор Бекмырза Қ. Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау мамандығы магистранты