Басқарушы мемлекеттік қызметші «Қазақстан-2050» стратегиясын ұдайы қаперінде ұстауы керек


«Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірге Президент Әкімшілігі, үкімет басшылары озық тәжірибелерді зерттей отырып, тиімді жұмыс істеудің соны тәсілдерін үйретуге, енгізуге қарай жұмыс істеулері керек. Сондықтан, жауапкершілікті сезініп, сенімді ақтап, алға қойылған міндетті адал атқарған жөн. Ал ең басты мәселе - «Қазақстан-2050» стратегиясы әрбір мемлекеттік қызметшінің күнделікті шаруасы болуы шарт. Бұл бағдарлама Қазақстанды әлемнің өркендеген 30 еліне кіріктіру болып табылады. Өйткені, бұл - бүкіл Қазақстан халқының ұстанған бағыты», - деді Елбасы.