"Мемлекет басшысының үкімет алдына қойған барлық мақсаттары мен міндеттері және қаржы министрлігі алдына менің қойып отырған талаптарым сол қалпында қалады. Бір бағытпен келе жатқан қызмет жоспары бойынша сабақтастық болу керек", - деді ол.
Премьер-министр атап өткеніндей, "Қаржы министрлігінің нақты міндеттері туралы қаңтарда алқа мәжілісінде талқыланады".
К. Мәсімов атап өткеніндей, президенттің жарлығымен ҚР қаржы министрі болып Болат Жәмішев тағайындалды. "Сіздердің жүйеңізде ол бәріне таныс адам, қаржы министрлігі жүйесінде көптен бері қызмет атқарып келді, сондықтан басшылардың ауысуы сіздерге ауыр соқпайды".
Үкімет басшысы сондай-ақ, "мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Наталья Коржова (экс-қаржы министрі) басқа жұмысқа ауысуына байланысты, президенттің тапсыратын жаңа тапсырмаларын орындайды", деді.
"Мен премьер ретінде және әріптес ретінде, бірге жұмыс істеген жылдары үшін алғысымды айтып, жаңа қызмет орнында жетістіктерге жетуіне тілектеспін", - деп премьер Н. Коржоваға жылы лебізін білдірді.
Өз кезегінде жаңа қаржы министрі Б. Жәмішев " Қаржы министрлігі бұдан бұрын бастаған, мемлекеттік қаржы, салық және кеден саясатын басқару жұмысын жалғастырады", деп өз ойын айтты.
"Бұдан бұрын бірге жұмыс істеген, таныс адамдарды көріп отырғаныма қуаныштымын. Қаржы министрлігі қызметіндегі сабақтастық сақталып, бұрынғы басшылар жүргізген қызметті жалғастырамыз деп ойлаймын.
"Наталья Артемқызы, сіз бастаған және іске асып жатқан жұмыстарыңызды одан әрі жалғастырамыз. Қаржы жүйесінің жаңыратылуы мен дамытуын қамтамасыз етіп, жұмыс сабақтастығын сақтаған бұрынғы басшылар сияқты біз де бұл қызметті жалғастырамыз ", - деді ойын қорытты Б. Жәмішев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті