Мұны қарағандылық прокурорлар анықтады. Шаһардағы 50-ден астам білім мекемесін тексеріп шыққан құқық қорғаушылар осындай олқылықтарды анықтады. Мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде 250-ге жуық тағам түрі пайдалануға жарамсыз болса да, балғындарға ас дайындалған. Ал мектеп пен балабақшадағы сақталған 40 түрлі дәрі-дәрмек пайдасыз деген шешім шығарылды. Өйткені олардың сақталу мерзімі өтіп кеткен. Осыған орай балғындардың денсаулығына салғырт қараған 13 қызметкер жазаланады. Жауапты мекемеге 1,5 миллион теңге айыппұл салынып, басшылар тәртіптік жазаға тартылатын болды.
Әлия Аңсарова, Октябрь аудандық прокуратура бөлімінің басшысы: - Біздің аймақта балалардың жаппай улануы жөнінде фактілер тіркелген жоқ. Балғындар ата-аналарына шағымданып, мектепке, балабақшаға бармай қалған кездері болған шығар. Бұл жағдайлар сақталу мерзімі асып кеткен дәрілер мен тамақтарға байланысты болуы да мүмкін, деп хабарлайды http://24.kz/kz.