Тастанбек Есентаевқа бұл мекеме таңсық емес. Осыған дейін ол төрағаның орынбасары болып қызмет атқарған. Елге еңбегі сіңген жаттықтырушы, самбодан спорт шебері, сондай-ақ кикбоксингтен қара белбеудің иегері. Ал Агентікке ұзақ тұрақтай алмаған экс-төраға Ерлан Қожағапановтың орынтағынан не үшін алынғаны белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда Қожағапанов Астана қалалық әкімдігіне қайтып баруы мүмкін. Бұған дейін ол шаһар басшысы Иманғали Тасмағанбетовтың орынбасары болған-ды.