"Бастарын көтере алмайды": Желіде ораза ұстаған оқушылардың сабақта ұйықтап отырған видеосы қызу талқыға түсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Құрметті ата-аналар, саламатсыздар ма? Мына балалардың бәрі ораза тұтып алған. Келеді да бәрі сабақ оқымай жатады, бастарын көтере алмай. Өйтіп, бастарын көтере алмайтын болса, ауыздарын ашып жіберсін. Сабақтарын оқыған, бірінші орында", деп айтылған видеода. 

"Мұғалім дұрыс айтады ораза намаз адамның жасы келген уақытта ұстаған жөн.Жас ұрпақ білімді шындаған дұрыс", "Дінмен ауырған қазақтар арабтың салтын құрмет тұтып табынғаның есі ауысқан өзінен безінген жындылықтың ең ауыр түрі тал бұтақты қалай баптап өсірсең жемісін солай береді болашақта ғылым инженер дәрігер мұғалім жоқ молда имамдардың тобырына айналған мемлекет болса қазақстан құриды", "Білім министрлігі мен діни орталық бірлесіп мектеп оқушылары арасында ораза тұту денсаулыққа , білім мен еңбек етуге тигізетін зияны тұралы түсінік жүргізу қажет", деп жазды оқырмандар. 

Еске салсақ, бұған дейін белгілі актер Ерлан Төлеутай оқушылардың ораза ұстауына тиым салу керек деген болатын.