"Басты қатырмаңдар": Гүлнұр Оразымбетова өзін сынағандарға жауап берді


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіге қорада түскен гламурный суретін салып басы дауға қалған әнші, өзін сөккендерге жауап берді.

"Әлеуметтік жобаға байланысты болған фотосессияның бір ғана сәтінен салған видеоүзіндінің астындағы комменттарды оқып,жағамды ұстадым. Ішінде ер азаматтар да бар,ауыздарына келгенін жазып отырған.
Мен ауылда тудым, ауылда өстім, сиыр саудым,қора тазаладым, от жақтым, күбі пістім,диірмен тарттым, шөп ордым, қазан-ошақтың басынан шықпадым. Себебі,қыздың үлкені болдым. Бүкіл жүк менің мойнымда болды. Соған қарамай сабақты үздік оқыдым. Мектебімнің,ауылымның мақтанышы болдым. Бір түсірілім сәтінен мені біраз жерге апарып тастапсыздар. Сұмдық. Не деген көңілдеріңіз соншалықты қара негативке толы. Сондай оймен қалай тыныш ұйықтап жүрсіздер?
Маған жаман сөздер жазғаннан жеңілдеп қалдыңыз ба? Жоооооқ!!! Сол сөздер қайтып айналып өзіңізге баратынын ұмытпағаныңыз дұрыс деп ойлаймын. Менде бәрі шүкір,жақсы. Жақсы да болады! Менің ештеңем кетпейді, сізді аяймын, жаман сөздер жазған ер-азамат, қыз-келіншек. Есіңізді жиыңыз! Әр атқан күніңізге шүкір деңіз! Телефонды қайтесіз. Лақтырыңыз. Себебі, миыңыз уланған. Сабыр етіңіз. Бір сәт жақсы ойлаңызшы, маңызды емес кімді, нені ойласаңыз да. Бірақ сізден сол сезім жоғалып кеткенін байқамай қалдыңыз-ау.
P.S: Әңгіменің қысқасы, басты қатырмаңдар, ақыл айтқыш, керемет адамдар", - деп жазды әнші.