«Бастысы бала-шағам аман» Нұрлан Албанның дүние мүлкі түгел өртеніп кетті

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Қазіргі халім осындай. От-тілсіз жау ғой. Қаншама жылдар бойы тірнектеп жинаған музыкалық жабдықтарым түгел жанып кетті. Көңілім құлазып тұр, дегенмен бастысы бала-шағамның дені сау, отбасым аман. Дүние бітер денім сау болса. Қауіп пен қатер қашан, қайдан келетінін білмейміз ғой. Сол себепті абай болыңыздаршы. Қазағым өрттен аман болыңыздаршы.",- деп айтты әнші.

Желі оқырмандары: "Мәссаған, басыңыз аман болсын аға","Алла жар болсын","Жабдықтар қайта алынады бастысы өзіғ амансың бауырым","Тілсіз жау ғой","Өрттен аман болсын қазағым","Абай болыңдаршы",- деп жазды.