Продюсер кей кинотуындыны түсіру үшін, достарынан қарыз алғанын да жасырмады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол "Qaragoz" подкастында айтып берді.
"Қуғын-сүргін көрген, басы істейтіндердің бәрін шекесінен тақап тұрып атқан, олардың ұрпағын атқан, олардың ұрпақтарына дейін тентіретіп жіберген, әйелдерін қинаған...Әлиханды түсіруге біз Болат Мүрсәлім ағамен кішігірім сценарий жазып, Мұрат екеуі, кинофондқа ұсынғанбыз", - деп ағынан жарылды продюсер.
Сонымен бірге ол, Ахмет Байтұрсынов жайлы "Ұлт ұстазы" фильмін түсіргенде, салықты жаба алмағандарын мойындады.
"Салықты жаба алмай, минусқа кеттік. Достарымыздан қарыз алдық, бірақ көбісі кешіріп жіберді. Жоба жақсы шыққаннан кейін кешірді, көп рахмет айтамын оларға", деді ол.