Басын жұлып кеткен: Павлодарда әскери қызметкер "КамАЗ" дөңгелегінің жарылуынан мерт болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат жедел жәрдемге 19:17-де келіп түскен. 

"1990 жылы туған ер адам "КамАЗ" көлігінің дөңгелегін үрлеп жатқан. Алайда дөңгелек жарылып, ер адам алған жарақаттарынан мерт болды", – делінген Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Анықталғандай, ер адам Павлодардағы №5512 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген. 


Туыстарының айтуынша, ер адамды еңбек демалысында жүргенде көлікті жөндеу үшін шақыртып алған. Жарылыс салдарынан оның басы жұлынып кеткен. Марқұмның артында жүкті әйелі мен қызы қалды.