"Менің пікірімше текетірес жағдайын алдын алу үшін, бірінші кезекте баспана және жер мәселесі туралы рақымшылық заңын қабылдау керек", -деп мәлімдеді А. Қожахметов.
"Басқа жол жоқ. Оларды күшпен қуып шығу немесе заңдастыру керек", - деп атап өтті ол.
А. Қожахметов еске салғанындай, жуырда мүлікті заңдастыруға байланысты өткізілген рақымшылықта бұл адамдардың мүддесі ескерілмеді, өйткені "Әділет министрлігінің арнайы хатымен" ол "рақымшылық бағдарламасынан алынып тасталды".
"Әрине, бір күннің ішінде бұл жолды табу мүмкін емес. Бірақ оны бәрібір бастау керек. Бұл аса күрделі мәселені мемлекеттің күшімен ғана шешуге болмайды, өйткені "жоғарыдағы" көзқарас үнемі әділ бола бермейді", -деп атап өтті А. Қожахметов.
Қоғамдық бірлестіктің басшысы атап өткеніндей, мұндай тәжірибе өткен ғасырда Еуропада пайдаланылған болатын. Ол түсіндіргеніндей, "Өткен ғасырды Швецияда билік өкілдері заңсыз көші-қон процесін тоқтата алмағандықтан король Густаф Адольф заңсыз құрылған барлық елдімекендерге барып, оларға бата беру арқылы үкіметтің бақылауы бар деген ойды қалыптастырды ".
Сонымен қатар А. Қожахметов ұсынғандай, "жерлерді қайтарып алу және үйлерді бұзу мәселесіне орай туындайтын талас-тартыстарды шешетін және мигранттары көп барлық қалаларда қоғамдық комиссияларды құру керек. Бұл комиссиялар ашық және жариялылық түрінде жұмыс істеу қажет".
"Бұл үкімет тарапынан қабылданатын шешімдердің тез жүзеге асырылуына көмек беріп, шиеленістерге жол бермеудің бірден бір жолы", - деп атап өтті ол.