Батыр Байназаров "Ringo" тобынан кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Байназаров топтан кететінін "Gakku дауысы" концертінің сахнасында хабарлады.

"Бүгін мен Ринго тобында соңғы рет өнер көрсетемін. Продюсеріміз, анамызға Алуа Қонароваға, жігіттерге және жанкүйерлерімізге рақмет", - деді Батыр Байназаров.

Ал топ продюсері Алуа Қонарова instagram желісінде Батыр жайлы жазба қалдырды.

"2005 жылы Рингоға бірінші болып Батыр келген еді, ол бірінші болып топтан кетті. Солай болып жатады. Дегенмен де ол шығармашылық салада қалады деген ойдамын. 14 жыл көп нәрседен өттік. Талантты әнші, композитор, актер, керемет адам. Ал Ringo өз жұмысын әрі қарай жалғастыра береді", - деп жазды продюсер Алуа Қонарова.