Батырхан Шүкеновтің естелік тақтасының авторы жұмбақ жағдайда мерт болды


Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Əзірбек хабарлады. 

"Ілия Əбдірашитов 16 тамызда таңғы сағат 4-те пəтердің терезесінен құлап кеткен. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Мүрде қалалық мəйітханаға жеткізілді", - деді баспасөз хатшысы С.Əзірбек. 
Ілия Əбдірашитов бүгін Боралдай зиратына жерленді. 
Айта кетейік, жас суретшінің қазасы шығармашылық қауым ортасында үлкен толқу тудырды. Оның əріптестері Фейсбук əлеуметтік желісінде көңіл айту посттарын жариялауда.