Батырхан Шүкеновтің "Асель" деп аталатын әніне түсірілген клип жарыққа шықты

Батырхан Шүкенов атындағы қор әншінің туған күніне орай "Асель" деп аталатын әніне түсірілген жаңа бейнебаянды таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әні мен сөзінің авторы Әділ Чекилов, ол да 18 мамырда туған күнін тойлап жатыр. Клипті түсіруге жеке архивтен және Алексей Берковичтің "Джулия" фильмінің материалдары қолданылды. Аранжирлеуші - Сергей Решетников және Мехрубон Назаров, дыбыс режиссері - Назир Тұрғанбаев. Ал видеомонтаж режиссері - Әлішер Сүлейменов 


Батырхан Шүкенов атындағы қордың директорының айтуынша, барлық материал архивте бірнеше жыл бойы жатқан, тек 2016 жылдың мамырында алынған.

Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/music/batyirhan-shukenovtn-asel-dep-atalatyin-anne-tusrlgen-klip-269770/