«Батырлар жылнамасы» акциясы басталды

«Біз соғыста Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан қазақстандықтар жайлы оқиғаларды жинамақшымыз. Ұлы Жеңісті майданда және тылда жүріп жақындатқан жандар туралы ақпарат жинау акциясы «Халық қалаулысы» «Народный герой» республикалық қоғамдық сыйлығы аясында өткізіледі. «Батырлар жылнамасын» бірге жазайық! Осылайша, олардың ерлігі жайлы естеліктерді сақтап, келешек ұрпаққа табыстаймыз», - делінген хабарламада.  

  Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Халық қалаулысы» «Народный герой» республикалық қоғамдық сыйлығымен марапаттау рәсіміне номинанттарды ұсынуға өтінімдер қабылдау басталды. «Майданда да, тылда да жаумен шайқасқан, соғыстан кейінгі құлдыраған елді қайта көтерген қазақстандықтар аз емес.  Көптеген батырлардың есімі бізге аян, алайда белгісіз есімдер де баршылық. Біз сондай ержүрек жандардың ерліктері мен іс-әрекеттері жайлы оқиғаларды жинамақшымыз. Иә, олар марапаттталмауы да кәдік, бірақ бұл көзссіз ерлік жұртшылық жүрегінен орын алып, ел есінде қалары хақ. Соғыс  жылдарында өмір сүрген буынның ержүректігі, қайтпас қайсарлығы, ізгілігі мен күш жігері туралы  оқиғалар «Батырлар жылнамасының» өзегі болмақ», - деп хабарлады «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы баспасөз қызметінің баспасөз баянында.


Қатысуға ниет білдірген кез-келген адам өз отбасының, көршісі немесе жерлесінің отбасының тарихы туралы, сол зұлмат жылдардағы адамдардың күнкөрісі, Жеңіске қалай жеткені жайлы баяндай алады. Бұл біздің Ұлттық құндылығымыз - әрбір отбасы үшін, толықтай ел үшін ұрпақ сабақтастығының символы. Сыйлыққа ие болу үміткерлер қатарына қосылу үшін басты талап - биылғы жылдың тұжырымдамасына сай оқиға жазу  қажет және өтінімге қосымшада жан-жақты баяндалуы тиіс.

Аталған шараға орай баспасөз мәслихаты  Алматы қаласында ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы қорының ғимаратында 5 ақпан күні өтеді.