Батырлар жыры эксклюзивті басылым болып шығуы мүмкін


«Батырлар жырының тәрбиелік мәні зор ғой. Соны жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа жеткізе білуіміз керек. Ол үшін осы «Абай» сияқты эксклюзивті басылымдарды көптеп шығару қажет», - дейді Д. Әбдәкімова. Бүгінде «А» баспа үйінің бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихында тұңғыш рет Абайдың қара сөздері эксклюзивті басылым болып жарыққа шығып отыр. Оның ерекшелігі сол, кітаптың мұқабасы терімен түптеліп, күміспен күптелген. Ал басылым беттері ескірмейтін арнайы қағаздан жасалып отыр. «Осының арқасында ғана халқымыздың бай мәдени мұрасы мыңжылдықтарға шыдап, ұрпақтан-ұрпаққа жете алады», - деп атап көрсетті Д. Әбдәкімова.