Батыс Африкада Эбола вирусынан қаза тапқандардың саны 9714 адамға жетті

Жалпы эпидемия басталғалы Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде 9714 адам қаза тапты, 23 913 аталған вирусты жұқтырды.

Либерияда індет салдарынан көз жұмғандардың саны 4057 адамға, оны жұқтырғандардың қатары 9265 адамға жетті. Сьерра-Леонеде  3530 адам қаза тапса, 11 мың 443 адам дертке шалдыққан. Ал Гвинеяда вирусты  3205 адам жұқтырып,  2127-сі ажал құшты.

Дерт Мали, Нигерия, Сенегал, Испания, Ұлыбритания және АҚШ-та да тіркелген.  Алайда бұл елдерде Эбола жұқтырғандардың саны он адамнан аспайды.  Нигерияда 20 адам Эбола дертіне  шалдығып, сегіз адам қаза тапты.