Әкімшіліктегілердің айтуынша, "Батыс" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы металлургия, химиялық өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылығының өнімдерін өңдеу, сонымен қатар сауда сияқты салаларға қатысты жобаларды жүзеге асыруға қатысады деп жоспарлануда.
Жобалар "жалпы жүйелі сипаттағы аймақтық проблемаларды шешуге - аймақтың энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, Ақтөбе қаласында индустриялық аймақ құруға бағытталған",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.
Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында индустриялық аймақ құру барысында "Батыс" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге, инфрақұрылым нысандарын салуға және пайдалануға қатысады.
Сонымен қатар, әкімшіліктегілердің хабарлауынша, "Батыс" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Қандыағаш қаласында газ турбиналық электр станциясын салуға, цемент және вагон жасау зауытын салуға қатысады.
"Батыс" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ақтөбе облысында өткен жылдың төртінші тоқсанында мемлекеттік және жеке секторларды консолидациялау жолымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына көмек көрсету мақсатында құрылған болатын. Әкімшіліктің ақпаратына сәйкес, "Батыс" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аз уақыт ішінде 100-ден астам инвестициялық жобаларды қарастырып үлгерген.