"Батыс" ӘКК жер қойнауын пайдалану саласында инвестицияның жалпы көлемі 600 млн долларды құрайтын бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда

"ӘКК қарауында никель-кобальт, темір, асбест, қара көмір кен орындарын игеру, көмірді жер астында газдандыру арқылы әріқарай одан электр қуатын алу, сондай-ақ, оның негізінде сұйық синтетикалық отын алу жобалары жатыр. Бұл салаға жұмсалатын жалпы инвестициялар көлемі $640 млн құрайды", - деді А. Шоқпытов.

Оның айтуынша, "аталған саладағы жобаларды жүзеге асыруға Германия, Англия, Қытай елдерінің ірі компаниялары қызығушылық танытуда". Атап айтсақ, "Батыс" ӘКК "Германиялық компаниямен бірлескен іс-қызмет мәселесі талқыланды", деді ол.

"Ақтөбе облысында құны 200 млн доллар тұратын калий тыңайтқыштарын өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыру жоспарланған", - деді А. Шоқпытов. Оның түсіндіруінше, ӘКК жарғылық капиталына Ақтөбе облысындағы калий тұздары кеніштерінде және Батыс Қазақстан облысындағы тұзды құрылымдарда жер қойнауын пайдалану құқығы қамтылған.

"Іс жүзінде химия өнеркәсібінің Қазақстан үшін жаңа, өнімдерін алыс шетелдерге экспорттауға бағытталатын ішкі саласын құру жөнінде сөз болуда", -деді "Батыс"ӘКК басшысы.

Жалпы алғанда, оның мәліметінше, ӘКК жер қойнауын пайдалану нысандарын қоса 100-ден астам инвестициялық ұсыныстарды қарады. Нәтижесінде "Батыс" ӘКК қатысатын 21 инвестициялық жоба іріктеп алынды.