Қаулының мәтінін Қазақстанның вице-премьер Өмірзақ Шүкеев оқып таныстырды. "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқармасының төрағалығына Андарь Шукпутовты сайлауды қамтамасыз ету тапсырылсын". Вице-премьердің түсіндіруінше, Андарь Шукпутов 1958 жылы дүниеге келген, осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Әзербайжан республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарған.
Өз кезегінде Андарь Шукпутов "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының "осы институттың алдына қойылған маңызды және амбициялық міндеттерді шешуде басты орын алуына" барлық күш-жігерін салатындығына уәде берді.
Аталмыш қаулыға министрлер кабинетінің мүшелері бір ауыздан дауыс берді.
Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Каспий", "Тобол" және "Батыс" - үш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті