Батыс БАҚ-да британдық күйеуі бір жасар қызын ұрып өлтірген қазақстандық әйелдің сирек суреттері пайда болды

Аталған суреттерді Daily Mail басылымы жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы. 

Еске саласақ, 41 жастағы Мохамед Баракат есімді ұшқыш өзінің 22 жастағы әйелі Мадина және қызы Софиямен бірге Алматыдағы қонақүйлердің біріне тоқтайды. Алайда олар тұрмыстық жағдай бойынша жанжал шығарды. Куәгерлердің айтуынша, Мадина қонақ үйден көмек сұрап айқайлап жүгіріп шыққан, ал мас күйеуі баланың аяғынан ұстап, басын қабырғаға соққан. Нәтижесінде кішкентай София бас сүйек жарақатынан қайтыс болды. Егер әкесі кінәсін мойындаса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жақында батыстық БАҚ осы атышулы отбасының суреттерін жариялады. Онда көз жұмған бір жасар София 22 жастағы анасының қолында тұр. Сондай-ақ, Мадина мен Мохамедтің Алматыдағы үйлену тойынан суреттер жарияланды.

Шетелдіктің өзі өз кінәсін мойындамай отыр. Қазақстандық әйелі мен Баракат мырзаның бір топ адвокаттары баланың өлімі жазатайым оқиға болғанын және істің
қазақстандық полиция тарапынан ойдан шығарғанын алға тартып келеді.
Мадина алғашында полиция оның қорыққан кезіндегі жағдайын пайдаланып, күйеуіне қарсы куәлік берді деп қосты. Шетелдік қорғаушы ұшқыш жанжал кезінде есінен танып, баланың үстіне абайсызда құлап кетуі мүмкін, соның салдарынан қайғылы жағдай орын алды деген нұсқаны айтады.