«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі құрылысын жүзеге асыру үшін 947 жер телімі қайтарылып алынуы тиіс

Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновпен болған кеңес барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін жалпы аумағы 3 144 гектар болатын 947 жер телімі қайтарылып алынуы тиіс, оның 120-сы мемлекеттік қордың жерлері. Қазіргі күні 621 гектар болатын 500 жер телімі сатылып алынды. Қалған 327 жер телімі бойынша үстіміздегі жылдың қараша-желтоқсан айларында 267 учаске сатып алынады.

Осы жоба бойынша аумағы 73,7 гектар болатын 67 проблемалық жер телімі болды, кеңес барысында 46 жер меншігінің тағдыры шешілді. Қазіргі уақытта проблемалық жерлердің саны - 21.

«Проблемалық жер телімдері негізінен Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарында орналасқан. Көптеген жер иелерінің иелік ету туралы құжаттары жоқ, кейбірі банктерде кепілдікте тұр. Бірақ бұл проблемалар шешіледі», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.