«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің 800 шақырымнан астам бөлігі қайта қалпына келтірілді


Атап айтсақ, биыл Қызылорда облысы аумағында 254 шақырым, Оңтүстік Қазақстан облысында 224, Жамбыл облысында 188, Ақтөбе облысында 104 шақырым жол салынды.

Сонымен қатар, 2014 жылы аталған облыстарда 179 шақырымдағы құрылысты аяқтап, оны пайдалануға беру жоспарланған. Бұған Ақтөбе облысы кірмейді. Өйткені, онда халықаралық көлік дәлізін қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталған. Сондай-ақ, алдағы жылы халықаралық көлік дәлізінің Шымкент қаласы мен Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі бөлігі, Тараз бен Алматы аралығындағы бөлігі пайдалануға берілуі тиіс.