«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының қазақ жеріндегі бөлігі бойынша автожарыс болып өтті

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты екі құрлықты біріктіретін Қазақстандағы ірі транзиттік дәліздің құрылысына жергілікті халықтың назарын аудару болып табылады.

Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар Қостанай қаласындағы «Қазақстан агромашхолдинг» АҚ-да жасалған қазақстандық «Ssang Yong» жаңа автокөлігін сынақтан өткізуде.

Жол таңдамай жүретін көлік жүргізушілерінің сөзіне қарағанда, әзірге бұл автокөліктерден еш мін табылып отырған жоқ. «Ең бастысы - бұл қазақстандық өнім ғой!» дейді жүргізушілер.

Автожарыс Астана қаласында өз мәресіне жетеді.