«Ташкент-Шымкент» жолының соңғы екі учаскесі бойынша мердігерлер таңдаудың конкурстық ресімі әрі қарай жалғасуда.
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағыновтың айтуына қарағанда, «Жалпы ұзындығы 99 км «Шымкент-Ташкент» жолы небәрі үш учаскеге бөлінген, сондықтан бізге екі мердігерді ғана таңдау қалды. Бұл жол қайта салынғаннан кейін 4 жолақты қозғалысқа арналған, цемент-бетон жамылғысы бар бұл жол І техникалық категорияға көшіріледі. Бұның сыртында, учаскеде 1 көлік айрығы және 5 жол өтпесін салу көзделуде. Барлық жол құрылысын аяқтау арқылы жобаны іске асыруды біз 2015 жылға жоспарлап отырмыз».
«Шымкент - Ташкент» автомобиль жолы«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі екендігін еске саламыз. Дәліздің Қазақстан аумағы арқылы өтетін ұзындығы - 2787 км, оның қайта салынатыны - 2452 км. Оның ішінде 2011 жылы 215 км, 2012 жылы 700 км пайдалануға берілген болатын. 2013 жылдың аяғына дейін 806 км жол бойы жүріп өтуге ашылатын болады.