Батыс Грузияда полиция учаскесімен бір ғимаратта орналасқан банк тоналды


Оның кеңсесі полиция бөлімімен бір ғимаратта орналасқан, араларын тек қабырға бөліп жатыр.
Жергілікті БАҚ мәлімдегендей, банк тоналған кезде полиция бөлімшесінде төрт қызметкер болған, алайда олар ештеңе естімегендерін айтады.
Тонаушылар банктік сервис орталығынан ақша ғана емес, биіктігі бір жарым метрлік темір сейфті ала кеткен.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеуді тоналған банкпен жапсарлас орналасқан бөлімше полицейлері жүргізуде.