Caravan Logo

Батыс Қазақстанда балабақшада 26 млн теңге міндетті төлем төленбей қалған

Батыс Қазақстанда балабақшада 26 млн теңге міндетті төлем төленбей қалған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «Балдырған» балабақшасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қоса алғанда, 43 қызметкерге арналған төлемдер 8 ай бойы төленбей, 26 млн теңгеге жеткен.

оның салдарынан балабақшаның 43 қызметкері денсаулық сақтау және медициналық көмекке кепілдік беру бойынша конституциялық құқықтарын жүзеге асыра алмады. Аталған дерек бойынша облыстық білім басқармасына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Берешек толығымен өтелді, - деп хабарлады ведомстводан.