Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалған ет комбинаттары Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарында, сондай-ақ, Бәйтерек ауданында орналасқан.

Жақын арада өңірде киік санын реттеу жұмыстары басталады, жалпы киік басының 20 пайызын алу жоспарланып отыр, бұл - 460 мың жануар. Аулауға "Охотзоопромның" төрт бригадасы жауапты болмақ.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мемлекеттік стандартты бекітті. Біз консервілерді қайта өңдеп, оларды дүкендерде сата аламыз. Қажет процедуралар орындалды", - деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.

Автор: Caravan.kz