Батыс Қазақстан облыстық егіншілер 292 мың тонна астық жинады

Департамент мамандарының пікірінше, биыл егіннің орташа шығымдылығы бір гектардан 6,8 гектарды құрады. Ең жоғары түсім - бір гектардан 12 центнер көлемінде дәнді дақыл жинау мүмкіндігіне қала іргесіндегі шаруашылықтар қол жеткізді.

Жалпы алғанда облыста биыл 570 мың гектар жерге дәнді дақылдар тұқымы себілген. Алайда, қуаңшылыққа байланысты негізгі астықты өңірлер болып табылатын Сырым, Бөрілі және Шыңғырлау аудандарындағы 150 мың гектар жердегі түсімді жарамсыз деп тануға тура келді.

Мамандардың айтуынша, қырмандарға жеткізілген астықтың 92 проценті үшінші класқа жатқызылды. Желімтік мөлшері 24-28 процентті құрайды, бұл да жоғары көрсеткіш.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті