Ш.Шардарбектің айтуынша, "2004-2005 жылдары көші-қон комитетінің басқармасы 40 отбасын негізсіз тізімге кіргізіп, тұрғын үй алу үшін оларға 20,4 млн. теңге жәрдемақы бөлген".
Оған қоса, Есеп комитеті мүшесінің сөзіне қарағанда, "2004-2005 жылдары квотамен келген 126 оралман отбасының мүлдем тіркеуге алынбағаны белгілі болды, ал мына отбасыларына 90 млн. теңге көлемінде өтемақы төленген".