Қойылымды театрдың бас режиссері Мұқанғали Томанов сахналады. Суретшісі - Қайыр Оразғалиев.
Театрдың белді әртістері Ербол Есендосов, Жанаргүл Құрманғалиева, Боранбай Молдабаев, Қуаныш Амандықовтар ойнайтын спектакльдегі оқиға байлық пен адалдық, пасықтық пен тазалық төңірегінде өрбиді. Шіріген бай Максим Петровичпен (Е.Есендосов) бәстесіп, 15 жыл тұтқында отырған Сергей Сергеевич (Қ.Амандықов) ең соңында соған тігілген 2 млн. ақшаны алмайды да. Осы аралықта ішімдік пен дүние қызығына түскен Максим Петрович әбден азғындаса, Сергей Сергеевич керісінше шығармашылықпен айналысып, жаны да, ары да тазарып шығады. Ол әркім күнделікті атақ-мансабының, ақша-байлықтың құлы екендігін дәлелдейді.
Бұл премьера батысқазақстандық театрдың классикалық туындыны да сахналай алатындығын көрсетті.