Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жаңа қойылымның премьерасы болмақ

Қазақ драма театрынан Ардақ Нықмұқанованың хабарлағанындай, комедия күйеуі тастап кетіп, жапанда жалғыз қалғандай күй кешкен бір әйелдің көшедегі сиырды үйге кіргізіп алып, оны адамша күтіп-бағып, тіпті онымен сырласып, мұңын шағып, бауырына басатын ғаріп жанның өмірін баяндайды. Бірақ осы бір мұңды қойылымнан қазіргі адамдардың бір-бірімен тасбауыр, қатігез қарым-қатынасы, адам жанының өрмекшінің торындай өте нәзік иірімдері, адамнын адамшылық қалпын сақтап қалуы деген сияқты мәңгілік мәселелерді де табуға болады.

Бас рольдерде театр артистері Жанаргүл Құрманғалиева, Қуаныш Амандықов, Хорлан Шәмелова, Талиғат Жігеров ойнайды.