Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы ауысты

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жоғарғы сот Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі алқасының төрағасы Елес Әбдіқадыров ұжымды жаңа төрағамен таныстырды.

Бұған дейін Б.Әметов ОҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасына жетекшілік еткен.

Ал, бұрынғы төраға Қамбар Нұрышев Атырау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі алқасына төраға болып тағайындалды.