Батыс Қазақстан облысы басшылығының пайымдауынша, Қарашығанақтағы газ жобасын 2006-жылдан кейін жүзеге асыра бастауға болады

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен сараптамадан өтіп, үкіметте мақұлданған газ жобасының техника-экономикалық негіздемесі "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның келісімін күтіп жатыр. Бұнымен бір уақытта Қазақстан өнімін Ресей аумағы арқылы тасымалдау жөнінде РФ үкіметі мен "Газпром" компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Алайда, бұл мәселе күні бүгінге дейін шешілген жоқ,- деді С.Качало. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттарды 1-1,4 жылда дайындау жөнінде нормативтік мерзім белгіленген. "Сол себепті, аталмыш жобаға 2006-жылдың соңына таман ғана толыққанды кірісе аламыз деген жоспар бар",- деді С.Качало.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сәуір айында үкімет басшысы кеңес өткізіп, тиісті министрліктер мен құзырлы құрылымдарға жобаны 2005-жылы жүзеге асыра бастау үшін болашақ әріптестермен арадағы келіссөздерді пәрмендендіруге тапсырма берген болатын.