Тараптар мәдени, қайырымдылық және экономика салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Сондай-ақ, шағын бизнес өкілдерінің арасында да өзара қарым-қатынас орнату көзделіп отыр. Джон Рейнальдстің айтуына қарағанда, Абердин қаласы мұнайгаз саласы үшін инфрақұрылым қалыптастыруда мол тәжірибе жинақтаған. Британиялықтар бұл тәжірибесін тек Батыс Қазақстан облысында ғана емес, сонымен бірге Атырауда да қолданысқа енгізбекші.