Батыс Қазақстан облысы Ресейден 132 млн текше метр су сатып алмақ

Әкімшіліктің мәліметтеріне сүйенсек, су Ресейдің Саратов магистральдық арнасынан жеткізілетін болады. "Бұл үшін республикалық бюджет есебінен Үлкен және Кіші Өзен өзендеріне Волгадан су алу жүзеге асырылады".

Сонымен қатар, "Айдархан су бөгенін қалпына келтіруге қатысты жұмыстарды қаржыландыру мүмкіндігі де қарастырылуда. Бұл Ресейден сатып алынатын су көлемін 30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді",- деп атап өтті облыс әкімшілігіндегілер. Сондай-ақ, Үлкен және Кіші Өзен өзендерінен келетін судың жеткіліксіздігінің салдарынан үстіміздегі жылы Батыс Қазақстан облысының Қазатал және Жаңғала аудандарының елді-мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуде қиыншылықтар туғызған.