Батыс Қазақстан облысында 2010-жылға дейін ауылдардан 3 мыңдай адамды көшіру жоспарланып отыр

Көшіру үшін келешегі жоқ ауылдарда тұратын тұрғындардың өзі келісімін беруі тиіс. Басқарма мамандарының айтуынша, тұрғындарға Оралға немесе даму потенциалы жоғары және орташа деп бағаланған 36 ауылға көшу туралы ұсыныс жасалады. Бұл ауылдардағы мектептерде бос орындар бар, дәрігерлік мамандары жеткілікті, ауылдық аумақтарды дамытудың аймақтық бағдарламалары шараларын жүзеге асыру нәтижесінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын жақсарту, қосымша жұмыс орындарын құру межеленген.

Ауыл тұрғындарының басым бөлігі облыс орталығына, 19,1%-і аудан орталықтарына, 27,2%-і аудан ішіндегі елдімекендерге қоныс аударады деп күтілуде.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік проблемаларын шешу үшін әлеуметтік-мәдени маңызы бар ғимараттарды салу және күрделі жөндеуге, автожолдар салуға, сумен және көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қаржы бөлу қарастырылған.
Мамандардың айтуынша, даму потенциалы төмен әрі орташа саналатын ауылдық елді мекен тұрғындарының кіріс деңгейі айрықша төмен. Осыған байланысты 2007-жылдан бастап бюджеттен тұрғындардың жол шығынының 50 процентін өтеп беретіндей мөлшерде көші-қон қаржысын бөлу жоспарланған. Сондай-ақ, қоныс аударушыларға арнап тұрғын үй салуға жеңілдетілген несие немесе өсімсіз қарыз беру көзделді.
Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін алдағы жылдарда облыстық бюджеттен қаржы бөлу жоспарда бар.