Батыс Қазақстан облысында 240 гектар аумақта шөп өртенді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мергенев ауылдық округінің Амангелді шаруа қожалығында 11 маусымда 19 сағат 25 минутта 240 гектар аумақта далалық шөп жанды.

Өрт 12 маусым күні 06 сағат 40 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің 11 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.