Батыс Қазақстан облысында 250 мың гектар алқаптағы бидайды қоңыз жеп қойды

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, Орал қаласы, Бөрілі, Зеленовский, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау аудандарындағы егіндік алқаптардағы бидайға нұқсан келді.

Облыста 100 мың гектар егіндік алқаптардағы егінді химиялық препараттармен өңдеу шаралары жүзеге асырылуда.
Алдын-ала есепке сәйкес, дер кезінде осындай өңдеу жасалмаған жағдайда 600 млн. теңгенің түсімі шығынға ұшырауы мүмкін.