Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысында барлығы 517 елді мекен бар, олардың 475-і жоғары және орташа даму әлеуетіне ие.
Елді мекендер үшін ең үлкен тауқымет - су қамтамасыздығы мәселесі болмақ. Айталық, 426 ауылда су құбыры желісі тартылмаған. Әрбір ауданда бірнеше елді мекен жеке су көзінен мақұрым. Ондағылар сырттан әкелінген суды сатып ішеді.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендердің арасында сенімді автожол қатынасы орнамаған. 6 аудан орталығы мен облыс орталығы арасында тас жол салынбаған.
Сонымен қатар 46 шақырымдық электр желілерін тарту қажеттігі туындап отыр.
М.Нұрқуатовтың айтуынша, ауыл тұрғындарының басым бөлігі томаға-тұйық оқшауланып, ақпараттық кеңістіктен тысқары өмір сүреді. Ауылдық жерлерде телефон номерімен қамтамасыздық деңгейі 100 адамға шаққанда 3,8-ді құрайды.
Ауылдағы ахуалды түбегейлі оңалтуға бағытталған кезек күттірмейтін кешенді шараларды ақырғы түзетуге бағытталған есеп-келісім процедуралары биылғы жылдың 1-қарашасына дейін аяқталады деп межеленген. Дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аймақтық бағдарлама облыстық мәслихаттың бекітуіне тапсырылады.