Техносаябақ құрылтайшыларының арасында "Градиент РЗО" АҚ, "Инжиниринг және технологиялар трансферті" АҚ, "Гидроприбор ҒЗИ" АҚ, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бар.
"Алгоритм" техносаябағының жарғылық қоры 350 млн. теңге болмақ.
Қазіргі жағдаймен инженерлік жұмыстарға арналған алаң құрылды. Техникалық жобаларды жүзеге асыра алатын инженерлік мамандары бар "Гидроприбор" ғылыми-зерттеу институты база ретінде таңдап алынды. Сондай-ақ, бұл кәсіпорында тәжірибелік үлгілер жасауға мүмкіндік беретін тәжірибелік-эксперименталдық базасы - өндірістік цехтары бар. Бұл жобаға ресейлік ғалымдар да қатысады деп күтілуде.