Батыс Қазақстан облысында "Алла Аят" атты діни ағымның жетекшісі емшілікпен заңсыз айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Шыңғырлау аудандық сотының ағымдағы жылдың 14 шілдесіндегі қаулысымен Ф. Кутуева ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 332-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 150 АЕК мөлшерінде, яғни 175 200 теңге айыппұл төлеу және арнаулы рұқсат дипломынан 5 ай мерзімге айыру жазасы жүктелді. Қазір қаулы күшіне енді.